ЖДТ жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар

Нұсқа -2

1. Бүйрекке инфекция түсуінің жиі жолы:

A) гематогенді

B) лимфогенді

C) уриногенді

D) ауа-тамшылы

E) контактты

2. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі байқалады:

А) қант диабетінде

B) жедел гломерулонефритте

C) созылмалы пиелонефритте

D) бүйрек aмилоидозында

E) созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық түрінде

3. Жедел гломерулонефриттің этиологиялық еміне жатады тек:

A) глюкокортикоидтар

B) цитостатиктер

C) аминохинолинды препараттар

D) СҚҚП

E) пенициллиндер қатары

4. Науқас С., 39 жаста, жиі кіші дәретке отыруға, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, зәрінің лайлануына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: арық. Дене қызуы субфебрильді - 37 гр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 130/80 мм с.б.б., пульсі -78 мин. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада. ЖҚА: НВ-112 г/л, лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-ты- 1000.

Диагнозды дәлелдеу үшін қай зерттеуді таңдайсыз:

А) бүйректің пункционды биопсиясы

B) Зимницкий сынамасы

C) зәрді бактериологиялық зерттеу

D) жалпы зәр анализі

E) Аддис-Каковский сынамасы

5. Науқас Б., 35 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1028, лейкоциттер- 50-ге дейін дейін көру алаңында, эритроциттер - 1-2 дейін көру алаңында, бактериялар +++, шырыш+++.

Жоғарыда аталғандар қай ауруға тән?

A) жедел пиелонефрит

B) созылмалы пиелонефрит

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

E) зәртас ауруы

6. Жедел гломерулонефрит кезінде пенициллиндер қатарындағы антибиотиктерді енгізуге көрсеткіш:

A) стрептококты инфекциядан кейін аурудың дамуы

B) вакцинациядан кейін аурудың дамуы

C) трансплантациядан кейін аурудың дамуы

D) R-терапиядан кейін аурудың дамуы

E) токсикалы этиологиялы ауру

7. 18-жасар ер адам дизуриға және қызбаға шағымданады. Бұған дейін зәр жолдарының инфекциясының екі эпизоды болған, ауыз арқылы антибиотиктерді қабылдаумен емделген. АҚ 160/105 мм с.б.б. Зәр анализінде: белок – 0,99 г/л, эр-ттер – 2-4, лейк.-5-10 көру алаңында. Қанда креатинин – 90 мкмоль/л. Урограммада – екі жақтық қуық-зәрағар рефлюксі анықталды.

Мүмкін болатын себепті таңдаңыз:

А) қуықасты безі деңгейіндегі обструктивті уропатия

B) созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

C) рефлюкс-нефропатия

D) созылмалы пиелонефрит

E) созылмалы гломерулонефрит

8. Ауру сезімсіз макрогематурия кездеседі:

A) aмилоидозда

B) гломерулонефритте

C) циститте

D) зәртас ауруында

E) пиелонефритте

9. Жүктіліктің Ι үш айлығында несепжыныс инфекцияларын емдеу үшін ұсынасыз:

A) амоксициллин

B) норфлоксацин

C) эритромицин

D) гентамицин

E) фурагин

10. Героинді көктамырға енгізгеннен кейін жиі дамитын нефропатия:

A) бүйрек амилоидозы

B) жедел инфекциядан кейінгі гломерулонефрит

C) мезаниальді гломерулонефрит

D) фокальді-сегментарлы гломерулосклероз

E) мезангиопролиферативті гломерулонефрит

11. Науқас А. 35 жаста шаршағыштыққа, оң жақ бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі мазалап тұратын ауру сезімімен жүретін зәр шығаруға, лайлы зәр бөлінуіне шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, ауру алғаш рет оң жақ бел аймағындағы ауру сезімімен басталған. Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде әрдайым лейкоцитурия, бактериурия анықталады.

Қандай ем тағайындау керек?

A) кортикостероидтар

B) цитостатиктер

C) фторхинолондар

D) нитрофурандар

E) фитотерапия

12. Зәрдегі лейкоцитарлы цилиндрлердің жоғары құрамы тән:

A) шумақшалардың некрозына

B) жедел пиелонефритке

C) нефритикалық синдромға

D) нефротикалық синдромға

E) "талмалық" бүйрекке

13. Науқас Б., 32 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1020, белок – іздері, лейкоциттер- 5-7, эритроциттер - 50 дейін көру алаңында, оксалаттар +++, шырыш+++.

Жоғарыда аталғандар қай ауруға тән?

A) жедел пиелонефрит

B) созылмалы пиелонефрит

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

E) зәртас ауруы

14. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ерте белгісін атаңыз:

А) геморрагия

В) терінің қышуы

С) полиурия

D) анурия

Е) артериальды гипертензия

15. Науқас В., 39 жаста, ЖЗА: зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,013, белок -0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 көру алаңында, бірнеше лейкоцитарлы цилиндрлер. Лейкограммада - 90% нейтрофилдер.

Берілген зәр синдромы қай ауруға тән?

А) жедел пиелонефритке

В) созылмалы пиелонефритке

С) жедел гломерулонефритке

D) созылмалы гломерулонефритке

Е) созылмалы интерстициальды нефритке

16. Науқас К. 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л , ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.

Берілген ауруды емдеу үшін қажетті препараттарды таңдаңыз.

А) кортикостероидтар

В) фитотерапия

С) уросептиктер

D) цитостатиктер

Е) нитрофурандар

17. Созылмалы пиелонефриттің жиі қоздырғыштарын атаңыз:

А) қарапайымдылар

В) стафилококк

С) клебсиелла

D) ішек таяқшалары

Е) микоплазмалар

18. Созылмалы гломерулонефриттің қай түріне келесі симптомдар тән: ісіну, протеинурия, гематурия?

A) гематуриялық

B) гипертензиялық

C) латентті

D) нефротикалық

E) аралас

19. Созылмалы нефритпен ауыратын науқастарды госпитализациялауға көрсеткіш:

A) гломерулонефриттің белсенуі

B) интеркуррентті аурудың қосылуы

C) диетаны бұзу

Д) режимді бұзу

E) жұмысын ауыстыру

20.Бүйрек жеткіліксіздігінің нақты көрсеткіші болып табылады, қанда жоғарлайды:

A) индикан

B) мочевина

C) креатинин

D) холестерин

E) қант

21. Ультрадыбыстық зерттеуде бүйректің қалыпты пішіні:

A) ұзынынан кескенде бұршақ не овальді, көлденең кескенде – дөңгелек

B) ұзынынан кескенде бұршақ не овальді, көлденең кескенде – жарты ай тәрізді

C) барлық кесінділерде – бұршақ не овальді

D) ұзынынан кескенде – трапеция тәрізді

E) ұзынынан кескенде – овальді, көлденең – трапеция тәрізді

22. Cозылмалы пиелонефриттің өршуіне клиникалық синдромына тән емесі:

A) артериальды гипертензия

B) улану

C) дизуриялық өзгерістер

D) нефротикалық

E) зәрлік - лейкоцитурия, бактериурия

23. Қай ортада (зәрдің рН) лейкоциттер және гиалинді цилиндрлер тез ериді:

A)қышқылды

B) сілтілі

C) нейтральді

D) зәрдің рН тәуелсіз

E) әлсіз қышқылды

24. Науқас 45 жаста, бас ауруына, бас айналуға, әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, жиі кіші дәрет сындыруына шағымданады. 7 жыл бойы АҚ жоғарылауы байқалады. Об-ті: тері жабындысы бозарған, өкпеде везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек тондары өзгеріссіз. ЖСЖ -72 рет мин. АҚ-165/105 мм с.б.б.. Ұрғылау симптомы оң жақта оң. ЖҚА: эр-4,0млн, лейк-9,5 мың, ЭТЖ -25 мм/с. ЖЗА: лейкоциттер-50-60 к/а, эр.-2-3 к/а. Қандай емдеу әдісін бұл жағдайда тағайындау керек?

A) бета-адреноблокаторлар + спазмолитиктер

B) кальций антагонисты + спазмолитиктер

C) антибиотиктер + спазмолитиктер

D) хинолин тобының препараттары + нейролептиктер

E) антибиотиктер + бета-адреноблокаторлар

25.Созылмалы гломерулонефриттің қай морфологиялық түріне кортикостероидтер тағайындау көрсеткіш болып табылады:

A) мезангиопролиферативті

B) мезангиокапиллярлы

C) мембранозды

D) шумақшалардың минимальды өзгерісі

E) фибропластикалық


3816845539439208.html
3816911111624236.html
    PR.RU™