Акушерлік стационарда сынаптық медициналық термометрді дайындау.

Мақсаты-медициналық термометрлерді жұмысқа дұрыс дайындау.

Көрсетулері –күтім заттарын тазалау.

Қарсы көрсетулері– жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары– сынған термометрлер.

Ресурстары- сынаптық медициналық термометрлер, 0,5%, 1%, 2% хлорамин ерітінділері, 3% сутегі тотығының ерітіндісі, ағын су, орамал, сабын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

2. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Медициналық сынаптық термометрді дезинфекциялық ерітіндіге толық батырыңыз:

0,5%хлорамин кезінде -30 минутқа;

1% хлорамин кезінде -15минутқа;

2% хлорамин кезінде -5 минутқа;

3% сутегі тотығы кезінде-80 минутқа.

4. Осыдан кейін медициналық сынаптық термометрді ағын суға жуыңыз.

5. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз.

6.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

7. Алынған мәліметтерді босану тарихына енгізіңіз.

Ескерту. Қазіргі кезде электрондық термометрлерді жиі қолданады.

Анның ұю уақытын анықтау.

Мақсаты-қан ағу кезінде қанның ұю уақытын анықтау.

Көрсетулері –жүктіліктің екінші жартысында, босануда және босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағу.

Қарсы көрсетулері– жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Ресурстары-зерттейтін қан, құрғақ капилляр, шприцтің стерилді инесі, стерилді шариктер, иодтың 5% тұнбасы, 96% этилді спирт, мақтасы бар таяқшалар,бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, секундомер, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүкті, босанатын және босанған әйелдерге қазіргі зерттеуді жүргізу қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Әйелдің орнынын: үстелдің қасында отырып қолдың білегін үстелге қоюын немесе жатуын (егерде отыруға болмаса) ескеріңіз.

5. Саусақтың тырнақ жақ бунағының аймағын мақтасы бар таяқшалар көмегімен 96% спиртпен тазалаңыз.

6.Шприцтің стерилді инесінің көмегімен тырнақ жақ бунағының қыры бойынша саусақты шаншып тесіңіз.

7. Қанның бірінші тамшысын басып шығарыңыз және стерилді шарикпен сүртіңіз.

8. Эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау үшін бірінші тамшыны алып тастағаннан кейін құрғақ капиллиярға саусақтан қан алыңыз.

9. Биіктігі 20-30 мм қанның бағанашасын алыңыз.

10. Капиллярды еңкейтіп түтікшенің ортасына қарай қанды ауыстырыңыз.

11. Капиллярдың шеттерін екі саусақтың арасына қысыңыз, оның екі жағын

30-45 С-қа еңкейтіңіз.

12. Әлі де ұю басталған жоғын, қанның қозғалысы көрсетеді.

13. Капиллярды еңкейткен кезінде қанның қозғалысының баяулауы сәтінен бастап және капиллярдің ішкі қабырғасында кішкене қан ұюының пайда болуында секундомермен ұюдың басталуын белгілеңіз. Қанның қозғалысының толық тоқтау сәті қанның толық ұюына сәйкес келеді.

14. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз.

15. Капиллярлы түтікті, шприцтің инесін, шариктерді, мақтасы бар таяқшаларды, резеңке қолғаптарды ҚҚҚ-ға салыңыз.

16. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

17. Мәліметтерді босану тарихына енгізіңіз.

Ескерту. Сау адамның қанының жасушалық құрамы айтарлықтай тұрақты болып келеді, сондықтан оның өзгерістері организмдегі патологиялық үрдістерді көрсетеді.

Босанатын әйелді босану залына ауыстыру.

Мақсаты-студентке босанатын әйелді босану алды палатасынан босану залына тасуды үйрету.

Көрсетулері –босанудың 2-ші кезеңінің басталуы.

Қарсы көрсетулері– жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Ресурстары–қоларба (каталка), ақжайма, клеенка, стерилді астына салғыш, көрпе немесе ақжайма, көпшік (жастық).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, босанатын әйелге босану залына ауыстыру мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қоларбаға салыңыз: ақжайманы, көпшікті, клеенканы, стерилді төсегішті.

3. Босанатын әйелді қоларбаға ауыстырып салыңыз.

4. Әйелді ақжаймамен немесе көрпемен жабыңыз.

5. Босанатын әйелді босану залына санитарбикенің көмегімен ауыстырыңыз.

Ескерту. Егерде қағанақ сулары кетпеген болса, онда босанатын әйелді өзін босану залына медбикенің немесе акушербикенің алып баруына болады. Егерде қағанақ сулары ағып кеткен жағдайда босанатын әйелді қоларбаға салып ауыстыру қажет.


3813264711884042.html
3813311026167484.html
    PR.RU™